«Ростов» экс-ойыншысы «Жетісуде» қаралымнан өтеді

«Ростов» экс-ойыншысы «Жетісуде» қаралымнан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Хавбек Сергей Тумасян «Жетісу» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

31 жастағы Тумасян талдықорғандық клубтың соңғы бірқатар жолдастық матчына қатысты. Футболшы жартылай қорғаныстағы бірнеше позицияда ойнай алады.

Бұған дейін Тумасян ресейлік СКА, «Ростов», «Сочи», «Сибирь», эстониялық «Инфонет» пен «Нымме Калью», армениялық «Гандзасар» сапында өнер көрсеткен. Соңғы клубы өзбекстандық «Металлург» болды, бұл ойында 19 матч өткізіп, бір гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер