Басқа

Каратеден Қазақстан құрамасы Дубайда жаттығып жатыр

Каратеден Қазақстан құрамасы Дубайда жаттығып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайда (БАӘ) бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Ұлттық құрама ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы халықаралық оқу-жаттығу жиынына аттанды. Отандық каратешілер Біріккен Араб Әмірліктері, Косово, Франция, Македония, Румыния, Латвия құрамасының мүшелерімен шеберліктерін шыңдайды.

Қатысушылар арасында Олимпиада лицензиясының иегері Дархан Асаділов пен құрамада жолдамаға үміткер спортшылар бар. Сонымен қатар, спортшылармен бірге төрешілер де аталған жиынға шақырту алған.

Төрт жылдықтың басты додасы қарсаңында төрешілердің де біліктілігін арттырып, жаттығу барысында спортшылар арасында кішігірім турнир ұйымдастыруды жөн көрген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер