Бокс

Жан Кособуцкий қай боксшыны үлгі тұтатынын айтты

Жан Кособуцкий қай боксшыны үлгі тұтатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий немістің Bild басылымына берген сұхбатында кімді үлгі тұтатынын айтты.

- Майк Тайсон жекпе-жектерінің бейнекассетасы болатын. Оларды қайта айналдарып көре беретін едім. Кейін Эвандер Холифилд секілді боксшылар қосылды. Мен бәрінен де жойқын соққы жасайтын боксшыларды үлгі тұтамын, - деді боксшы.

Германияда өткен бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері нигериялық Онориоде Эхвариемені жеңіп, WBA International белбеуін иемденді. Осы жеңісінен соң Жан Кособуцкий Boxrec рейтингінде 39-шы орыннан 34-ші сатыға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер