ММА

BRAVE CF 47: Алмабаевтың қарсыласы анықталды

BRAVE CF 47: Алмабаевтың қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

BRAVE CF 47 турнирінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

11 наурызда Бахрейнде өтетін кеште 27 жастағы жерлесіміз 28 жастағы қырғызстандық файтер Рысқұлбек Ибраимовпен жұдырықтасады.

Fighttime.ru порталының хабарлауынша, Ибраимов мансабында 13 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте жеңілген. Соңғы кездесуін 22 ақпанда Bator Fighting Championship Grand Prix турнирі аясында өткізген.

Ал Алмабаев соңғы жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізіп, отандасы Дархан Сқақовты жеңген болатын. Бұл кездесуден кейін ол аса жеңіл салмақта Naiza Fighting Championship чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер