Бокс

Қоңқабаевтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты

Қоңқабаевтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Коңқабаев Алматыда 27 ақпанда өтетін бокс кешінің басты кездесуіндегі қарсыласы өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарақат алған британдық Стивен Уордтың (13-1, 4 КО) орнына 29 жастағы қазақстандық рингте украиналық боксшы Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific белбеуі бәске тігіледі.

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін былтыр өткізді, ол 23 тамызда Алматыда (20-2, 15 КО) Иса Ақбербаевты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 18 желтоқсанда, сондай-ақ, Алматыда Қамшыбек төртінші турда украиналық Сергей Радченконы (7-7, 2 КО) төртінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер