Олжас Байниязов халықаралық турнирде жеңіліп қалды

Софияда (Болгария) бокстан халықаралық "Странджа-2021" бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайдыOlympic.kz.
Аталған додада Қазақстан құрамасының мүшесі Олжас Байниязов жеңіліп қалды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол үндістандық Комар Депакпен кездесті. Екеуара кездесу 0:5 есебімен аяқталып, отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында жеңілс тапты.
Айта кетерлігі, халықаралық турнир 27 ақпанға дейін жалғасады.