Хоккей

«Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 ақпанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездеседі.

Ойын астана уақытымен сағат 17.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 16 қазанында Ресейде өткен ойында «Барыс» қарсыласын овертаймда 1:0 есебімен cүріндірді.

Одан кейін 23 қазанда елордада ресейлік клуб 3:1 есеппен жеңіп кетсе, 2021 жылдың 12 қаңтарында 4:2 есебімен тағы да басымдық танытты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер