«Шахтер» Армения құрамасының қорғаушысын қатарға қосты

«Шахтер» Армения құрамасының қорғаушысын қатарға қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Шахтер» футбол клубы (Қарағанды) Армения құрамасының ойыншысы Соломон Удамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нигерияда туған 25 жастағы жартылай қорғаушы соңғы 5 маусымды Армения чемпионатында өткізіп, былтыр Эстонияға қарсы матчта осы елдің ұлттық құрамасында дебюттік матчына шықты. Қарағандылық клубтың жаңа футболшысы «Арарат», «Улисс», «Ширак», «Урарту» (барлығы - Армения) және бельгиялық «Эйпен» клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер