Әлем футболы

Месси кезекті рекордын орнатты

Месси кезекті рекордын орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси испаниялық «Барселона» сапында өткізген матч саны бойынша рекорд жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ВТ мәліметінше, Испания чемпионатының 24-турында Месси каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси Хавидің рекордын бұзды, испаниялық жартылай қорғаушы бұған дейін «Барселона» сапында 505 ойын өткізген еді.

Сонымен қатар, Месси Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. «Реал» сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке бірінші жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер