Әлем футболы

Вороговскийдің клубы көшбасшылардың бірін жеңді

Вороговскийдің клубы көшбасшылардың бірін жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский ойнайтын бельгиялық «Беерсхот» ел чемпионатының 27-турында «Генкке» қонаққа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында қонақтар күтпеген жерден 2:1 есебімен жеңді. «Беерсхот» сапынан Ян Ван ден Берг пен Исмаил Кулибали гол соқты.

Вороговский матчты қосалқы құрамда бастап, алаңға тек 88-минутта шықты.

40 ұпай жинаған «Беерсхот» алтыншы орынға көтерілді. Үшінші орындағы «Генк» үш ұпайға озып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер