Басқа

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан халықаралық турнирге қатысып жатыр

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан халықаралық турнирге қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде көркем гимнастикадан екі халықаралық турнир өтіп жатыр.

Қос турнирде де қатысушылар қатарында қазақстандықтар бар.

Гран При бәсекесінде жекелей көпсайыс бойынша ресейлік Дина Аверина топ жарды. Арина Аверина екінші болса, тағы бір ресейлік спортшы Лала Крамаренко үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасының мүшесі Сәбина Бақатова 14-ші орынға жайғасты.

Көркем гимнастикадан екінші халықаралық жарыста ресейлік құрам көш бастады. Дарья Сергаева бірінші болса, Ирина Аненкова кінші, ал Мария Сергеева үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстандық Адиля Тілекенова 11-ші, Роза Абитова 16-шы, ал Айбота Ертайқызы 18-ші орыннан көрінді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер