Бокс

Елеусінов Қанат Исламға кеңес берді

Елеусінов Қанат Исламға кеңес берді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов отандасы Қанат Исламға бірінші орта салмаққа түсуге кеңес берді. Бұл туралы ол Sports True YouTube-каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қанат Ислам - өте мықты, тәжірибелі жігіт. Менің ойымша, 154 фунтқа дейінгі салмағына түсуі керек... Үлкен жекпе-жек - көп ақша. Ешкім әлі аты шықпаған өте қауіпті жекпе-жек өткізгісі келмейді. Олар қорықпайды. Қатер материалдық тұрғыдан сай болуы керек. Егер сіз тәуекелге барсаңыз, онда сіз осындай гонорар сұрайсыз. Ал оның промоутері мұндайды жасай алмайды, сондықтан жекпе-жек те болмайды», - деді Елеусінов.

Айта кетейік, 21 ақпанда Қанат Ислам Майамиде эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Қанат Ислам эквадорлық боксшыны жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер