Қанат Ислам кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуден кейін ол мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды.
- Келесі жекпе-жегіңде кіммен жұдырықтасқың келеді?
- «Канеломен». Болды.
- «Канелоға» не айтасың?
- «Канело», vamos. Кел жұдырықтасайық.
Айта кетейік, 21 ақпанда Қанат Ислам Майамиде эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.