Бокс

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 21 ақпанда үш жылдық үзілістен кейін қаны қазақ америкалық боксшы Димаш Ниязов рингке оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Майамиде, Doubletree Miamimart қонақ үйінде ол аргентиналық боксшы Джонатон Годоймен жұдырықтасты. Жекпе-жек жоспарланған алты раундқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті 32 жастағы шымкенттікке берді.

Димаш Ниязов үшін бұл кәсіпқой рингтегі 14-ші жеңіс болды (және 2017 жылдың 11 қарашасынан бастап бірінші). Сондай-ақ бір рет жеңіліп, үш жекпе-жегі таң аяқталған.

Димаш Ниязов Қазақстанда дүниеге келген, бала кезінде ата-анасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударды. Қазіргі уақытта ол Нью-Йорк қаласының полициясында қызмет етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер