ММА

OCTAGON 16. Турнирдің бастапқы карды жарияланды

OCTAGON 16. Турнирдің бастапқы карды жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық OCTAGON промоушенінің баспасөз қызметі Алматыда өтетін OCTAGON 16 турнирінің бастапқы кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 ақпанда өтетін турнирдің бастапқы кардында Абзал Құрманғали (дебют) Бақдәулет Әбекеновпен (1-0) кездеседі. Бұл жекпе-жек орта салмақта (59,5 кг) өтеді.

Кештің екінші жекпе-жегінде Аружан Бәкірова (дебют) жеңіл салмақта (70,3 кг) Меруерт Ибраевамен (1-0) күш сынасады. Жартылай орта салмақта (77,1 келі) өзбекстандық Шохрух Латифжонов (дебют) қазақстандық файтер Қадірдин Әмірдиновке (0-1) қарсы шығады.

Жеңіл салмақта (70,3 кг) Виталий Лукьянчук сегізбұрыштағы алғашқы кездесуін Эмрах Шавкатовқа (1-0) қарсы өткізеді. Тәжікстандық файтер Шамсов Мумин (дебют) қазақстандық Давлатбек Абдукахаровпен (1-1) кездеседі.

Алдағы кештің алтыншы жекпе-жегінде Шерхан Әділов (1-2) Ақтөре Батырбековпен (1-0) күш сынасады. Бұл жекпе-жек аса жеңіл салмақта (56,7 келі) өтеді.

В шестом бою предстоящего вечера Шерхан Адилов (1-2) испытает силы Акторе Батырбекова (1-0). Этот поединок пройдет в рамках наилегчайшего веса (56,7 кг).

Артынша октагонға жеңіл салмақтағы (61,2 келі) Суннатилло Насуллоев (2-1) Тәңірберген Маратовқа (дебют) қарсы шығады.

Жартылай орта салмақта (77,1 келі) қырғызстандық Амантур Жеңішбеков (1-0) қазақстандық Мұса Афуевпен кездеседі. Мұса үшін алдағы жекпе-жек октагондағы дебюті болады. Кештің тоғызыншы кездесуінде Анастасия Дюжикова кәсіпқой дебютін өткізіп, өзбекстандық Угила Насимовамен (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жек аса жеңіл салмақта (56,7 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде екі қазақстандық файтер - Ильяр Асханов (7-3) және Жандос Жанат (4-1) кездеседі. Бұл айқаста жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу (70,3 кг) сарапқа салынады.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер