Басқа

Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді

Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

23-28 ақпан аралығында Оралда бадминтоннан республикалық турнир өтеді.

Оралда өтетін республикалық ірі турнирге Қазақстан ең мықты спортшылары қатысады деп күтілуде. Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 50-ден астам спортшы жиналады.

Қатысушылар арасында келесідей үздік спортшылар кездеседі:

- Халықаралық спорт шебері, Буэнос-Айрестегі 2018 жылғы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы - Дмитрий Панарин; ⠀

- Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Құлматов Хайтмұрат; ⠀

- Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, U19 Орталық Азия чемпионы - Жұмабек Айша;

- Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Оксана Штелле; ⠀

- Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы - Камила Смағұлова.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер