Әлем футболы

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Йоан Кабай мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы 35 жастағы ойыншы өзі мәлімдеді.

2019 жылғы маусымның соңынан бері доп теппеген Кабай жасыл алаңмен қоштасуды шешті. Оның соңғы командасы өз елінің «Сент-Этьен» клубы болды.

Кабай мансабында «Лилль», «Ньюкасл Юнайтед», ПСЖ, «Кристал Пэлас», «Аль-Наср», «Сент-Этьен» секілді клубтарда өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Франция құрамасы сапында 48 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер