Бокс

Қанат Ислам Майамидегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Қанат Ислам Майамидегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық орта салмақтағы тәжірибелі боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) 21 ақпан күні Майамиде (Флорида, АҚШ) өтетін кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жек қарсаңында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

36 жастағы қазақстандық таразыда 160 фунт (72,6 келі) көрсетті. Оның қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) 159,8 фунт (72,48 келі) шамалы жеңіл болды.

Еске салайық, Майамидегі бокс кешінің андеркадында қазіргі кезде Нью-Йорк полициясында қызмет етіп жүрген Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО) рингке шығады. Жеңіл салмақта ол аргентиналық Джонатан Годоймен (5-7) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер