Командалық

Қазақстан құрамасы үшінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы үшінші мәрте жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу кезеңінде Палестинадан басым түсті.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық баскетболшылар F тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Иордания, Палестина және Шри-Ланка құрамалары.

Бүгін қазақстандықтар Палестинаны 93:56 есебімен жеңді. Топтағы алғашқы ойындар 2020 жылдың 21 ақпанында басталды. Сол күні Қазақстан Палестинаны 79:76 есебімен жеңді. Одан кейін 24 ақпанда Иорданияға 68:71 есебімен жол берді. Бұдан кейін коронавирус инфекциясына байланысты ойындар кейінге шегерілді. Ол биылғы жылдың 18 ақпанында қайта жалғасты.

Қалған ойындардың барлығы Бахрейнде өткізілетін болып шешілді. Сол күні қазақстандық баскетболшылар Шри-Ланканы 111:52 есебімен сүріндірді. Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін 7 ұпай жинап, көш басында тұр. Одан кейінгі орында олардан екі ойыннан 4 ұпай жинаған Иордания келеді. Ал 3 кездесу өткізген Палестинаның 4, Шри-Ланканың 3 ұпайы бар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер