«Ордабасы» - «Динамо» матчының тікелей трансляциясы
![«Ордабасы» - «Динамо» матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202102/472_e28a290cc0a18933dba42fcca5aefadb.jpg?v=28650023)
Бүгін шымкенттік «Ордабасы» грузиялық Батуми қаласының «Динамо» командасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, қазақстандық клуб соңғы матчында мәскеулік «Динамодан» жеңілген болатын.
Ойын 19 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Кездесу Түркиядағы «Papillon» қонақүйінің алаңында өтеді.
Матчтың тікелей трансляциясын шымкенттік клубтың YouTube-каналынан көруге болады.