Beautiful Football
Әлем футболы

Ла Лига қалай әлемнің үздік чемпионатына айналды?

Ла Лига қалай әлемнің үздік чемпионатына айналды?
news-banner7
mobile-news-top

Ла Лига биыл 90 маусымын бастады. Тарихқа көз жүгіртіп, Испания лигасы қалай әлемдегі үздік чемпионат болғанын анықтап көрелік.

Ақпан айында Ла Лига тарихындағы алғашқы матч өткеніне 92 жыл толды. Аталған матчта «Эспаньол» «Реал Юнион де Ирун» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал Ла Лига биыл мерейтойлық 90-шы маусымын өткізеді.

Жүз жылға жуық тарихы бар Ла Лиганың алғашқы матчы «Саррия» стадионында мыңдаған жанкүйердің алдында өтті. Осы күнге дейін Испания чемпионаты тоқтаусыз дамып, әлемнің үздік лигаларының біріне айналды.

Лиганың дамуына «дүмпу» берген «Реал» мен «Барселона» қазір әлемнің үздік командалары саналады. «Лос-Бланкос» сонау 1950 жылдары Альфредо Ди Стефано мен Сантьяго Бернабеудің заманында футбол әлемінде төңкеріс жасаған. «Барселона» 1990 жылдардың басында «футбол шыңына» шығып, Йохан Кройфтың арманындағы команда алдағы үш он жылдықта тек үздіктердің қатарынан көрініп келеді.

Осы уақыт аралығында жасыл алаңның сыртында Лига құрылымындағы ұйымдастырушылық біраз өзгерді. Қазір біз білетін Ла Лиганың негізі 1984 жылы құрылған. Ал 1996 жылдан бастап ақылы телеарналардан көрсетіле бастады.

Кейінгі 25 жылда Ла Лига әлем футболында алдыңғы шепке шықты. Ал ХХІ ғасырда Лионель Месси мен Криштиану Роналду бәсекелестігінің арқасында әлемнің үздік чемпионатына айналды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер