Хоккей

«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 18 ақпанда елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездесті.

Екі команда бұған дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Автомобилисттің» мерейі үстем болды.

Елордалық клуб олардың қақпасына 135 шайба соқса, өз қақпасына 112 гол жіберіп алды. Турнир кестесінде екі команда қатарлас тұр. Сондықтан бүгінгі кездесуде тартысты ойын болатыны анық еді. Кездесуде «Барыс» 5-минутта есеп ашты. Бұл голды Роман Старченко соқты.

Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде 42-минутта ресейлік хоккейші Александр Щемеров таразы басын теңестірді. Ал 45-минутта елордалық команда сапынан Даррен Диц мергендігімен көзге түсті. Кездесуде «Барыс» 2:1 есебімен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер