Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды

Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесі, "ваззари" ұпайымен жеңіске жетті.

Тель-Авив татамиіндегі доданы Қырғызбаев екінші айналымнан бастаған болатын. Алдымен бразилиялық Аллан Кувабараны ұтқан ол кейін әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді.

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, дзюдодан Қазақстан командасы бас бапкер ауысқалы бері алғаш рет тұғыр биігіне көтеріліп жатыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер