Бокстан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынына кірісті
![Бокстан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынына кірісті](https://prosports.kz/upload/news/content//202102/472_30ca8ef1ea9b943d37c0005864032c59.jpg?v=28650022)
Қазақстандық боксшылар Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында боксшылар жаттығу жиынын бастады.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, жаттығу жиынына барлығы 30 спортшы қатысуға шақырту алған.
Аталған жиын екі кезеңнен тұрады. Былғары қолғап шеберлері 28 ақпанға дейін шеберліктерін шыңдайтын болады.