Хоккей

«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» өз айдынында екатеринборлық «Автомобилистті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» стадионында өтеді.

«Барыс» қазіргі уақытта Шығыс конференциясында 64 ұпаймен сегізінші орында келеді. «Автомобилист» бір орынға жоғары тұр.

Командалар осы маусымда өзара үш рет кездесті, оның екеуінде ресейліктер, бір мәрте қазақстандық клуб жеңді.

Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер