Қысқы

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Жалпыкомандалық есепте кімдер топ жарды

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Жалпыкомандалық есепте кімдер топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Конькимен жүгіруден Херенвенде аяқталған әлем чемпионатынан соң жалпыкомандалық есеп анықталды деп жазады Olympic.kz.

Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша 7 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль иеленген Нидерланд командасы бірінші орын иеленді.

Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген АҚШ құрамасы орналасқан. Ал үздік үштікті екі алтын иеленген швециялықтар тұйықтап тұр.

Төртінші орынды Ресей, бесінші орынды Канада, алтынды орында Норвегия еншілеген.

Айта кетелік, Қазақстан командасы сапынан Надежда Морозова мен Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан үздік ондыққа енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер