русский язык
Бокс

Ахмедов: Қазіргі басты міндет - Гонгорамен реванш өткізу

Ахмедов: Қазіргі басты міндет - Гонгорамен реванш өткізу

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов биылғы жылға арналған жоспарын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі тікелей эфирінде айтты.

Гонгорадан жеңілісі туралы

Өзімді керемет сезінемін. Психологиялық тұрғыдан бұрынғыдаймын. Өткен жекпе-жекке қатысты сылтау іздегім келмейді. Рингке барынша тез оралуға тырысамын. Жекпе-жекті әлі қайталап көрген жоқпын. Келесі кездесуім жақындағанда жаттықтырушылармен бірге жазбаны көріп, қателіктерімді түзетіп, дайындаламын.

Карлос Гонгорамен реванш өткізу туралы

Мен үшін басты және бірінші міндет - Гонгорамен реванш өткізу. Онымен келесі жекпе-жекте-ақ кездескім келеді. Қазір менің командам сол бойынша жұмыс істеп жатыр. Маған бұл реванш өте керек. IBO титулын жеңіп алғым келеді. Бұл жекпе-жекке көптеген бокс жанкүйерлері қызығушылық танытатынын да білемін.

Головкинмен байланыс туралы

Әлі де Геннадийдің командасындамын. Головкинмен қарым-қатынасымыз өте тамаша. Ол менің штаттарда жаттығуым үшін барлық жағдайды жасады. Барлығы жоғары деңгейде. Алматыға отбасымды көру үшін келдім. Елге келмегеніме бес ай болды.

Атақты боксшылармен спаррингтер туралы

Мен Калеб Плант, Баду Джек және Дмитрий Биволмен спарринг өткіздім. Бұлар өте жақсы тәжірибе алмасу болды. Бірақ Головкинмен спарринг оларға қарағанда әлдеқайда қиын (жымиды).

Сүйікті аренасы туралы

Ең есте қаларлық арена - «Мэдисон Сквер Гарден». 13 жасымнан бастап сонда жекпе-жек өткізуді армандадым. Маған осындай мүмкіндік бергені үшін промоутерім мен Геннадийге көп рақмет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;