Әлем футболы

Гаиска Мендьета: Қазақстанға келуге пандемия кедергі болды

Гаиска Мендьета: Қазақстанға келуге пандемия кедергі болды
news-banner7
mobile-news-top

Испания құрамасы және «Валенсия» мен «Барселона» әлемге танымал клубтардың сапында доп тепкен футболшы Гаиска Мендьета біздің сайтқа сұхбат беріп, Prosports.kz порталы мен Ла Лига серіктестігі жайлы айтты.

- Өткен ғасырдың аяғы мен 2000 жылдардың басында «Валенсия» Испанияның үздік командаларының бірі болды. «Барселона» мен «Реал» секілді мықты клубтарға қалай бәсекелес болдыңыздар?

-Тамаша естеліктер. Біз үшін де, клуб үшін үлкен дәуірдің бастауы еді. Жыл өткен сайын дамып, нағыз бабымызға шықтық. Мықты клубтарға қарсы ойнағанда «жеңіліп қалмасақ еді» деген ой келеді. Алайда психология өзгергенде «неге жеңбеске» деген сұрақ туады. Ал жеңіске жете бергенде ойыншылардың дамуы, жанкүйерлердің үміті, клуюьың бағыты өзгереді. 1999 жылы Испания Кубогында жеңіске жеткен соң нағыз бабымызға шықтық. Мен сол бір дәуірдің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын.

- Клубтың қазіргі жағдайы туралы не ойлайсыз?

- Бірнеше жыл бұрын ғана құрылған команданың сапында шынында мықты ойыншылар ойнаған. Футболшыларды сатудың өз себебі бар болу керек. Бірақ қысқы трансферде бірнеше мықты ойыншыларды қатарына қосты. Алдағы уақытта да сапалы ойыншылар ғана келеді деген үміт бар.

- Сіз «Барселона» сапында да өнер көрсеттіңіз. Мансабыңыздағы ең жақын команда қайсы болды?

- Әрине, «Барселонада» өткізген уақытымды жиі еске аламын. Мансабымдағы ең керемет кездің бірі. Дегенмен «Валенсияның» орны мен үшін ерекше. Бұл командада ойыншы ретінде қалыптасып, өз жолымды таптым. 9 маусым бойы өнер көрсеткен командаға 18 жасымда келдім. Жалпы, мен ойнаған әрбір клубыма алғысымды айтамын.

- Мессидің «Барселонадан» Ла Лигаға қалай әсер етеді?

- Ол «Барсадан» кетпейді деп үміттенемін. Оның басқа чемпионатқа ауысуы Ла Лигаға әсерін тигізбей қоймайды. Өйткені ол тек өз клубында ғана емес, чемпионатта да көш бастап тұр. Мессидің Ла Лигада ойнауы біз үшін өте маңызды. Әзірге оның ойынынан ләззат алайық. Өткен жазда кеткісі келген, алайда жағдай тез өзгеруі мүмкін.

- Көп ойыншылар мансабын аяқтағанда күйзеліске ұшырайды. Ал сіз бұл қиын кезеңді қалай жеңдіңіз?

- Мансабымның соңында қандай жұмыспен айналысатыным белгілі еді. Бірнеше бизнес жобаларым болды. Дегенмен футболдан кейінгі қызығушылығым музыка еді. Көп кеште диджей болып көрдім. Шынында, бір сәтте бүкіл өміріңді өзгерту қиын.

- Қазақстанда Испания футболының жанкүйерлері өте көп десек болады. Біздің ел туралы естуіңіз бар ма?

- Иә, естуім бар, бірақ дәл футболға келген көп хабардар емеспін. Қазақстан мен барамын деп жоспарлаған елдің бірі. Пандемияға дейін барып-қайтамыз деп жоспарлаған едік.

- Қазақстанда футболмен салыстырғанда футзал жақсы дамыған. «Қайрат» әлемнің ең мықты командаларының бірі саналады. Осыған орай, сұрайын дегенім, футзал матчтарына барасыз ба?

- Сіздерде футзалдың жақсы дамығанын білемін. Испанияда бұл спорт түрі кең таралған. Бала кезден футболға бармас бұрын футзалға дайындайды. Балалар кішкентай залда кішкентай допты теуіп үйренеді.

- Футзал әлі Олимпиаданың бағдарламасына енбеді...

- Олимпиада бағдарламасында әлі күнге дейін футзалдың неге жоқ екенін білмеймін. Бірақ алдағы уақытта футзалды қосатын шығар деп ойлаймын. Өйткені бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Әлем бойынша көп жанкүйерлері бар.

- Өзіңіздің армандаған командаңыздың құрамын атап шығыңызшы.

- Командамда испаниялықтар көп болатын секілді. Қақпада - Касильяс. Қорғаныста Пуйоль, Пике, Рамос, Неста, Каннаваро, Кафу, Роберто Карлос болса, алаң ортасында Иньеста, Бускетс, Хави, Прило, Зеедорф, Лаудруп, Гвардиоланы көргім келеді. Шабуыл шетінде – Рауль, Морьентес, Роналдо, Роналду және әрине де Месси. Роналдиньо, Ромарио, Пеле, Кройфф, Марадона бар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер