Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионатына жанкүйерлер жіберіледі

Биатлоннан әлем чемпионатына жанкүйерлер жіберіледі
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер биатлоннан Словенияның Поклюка қаласында басталған әлем чемпионатын тамашалауға мүмкіндік алуы мүмкін. Бұл туралы турнирді ұйымдастырушылар мәлімдеді деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тим Фарчник трибунаға аздаған жанкүйер жіберлуі мүмкін екенін айтады. «Коронавирус жұқтырғандар саны Словенияда азайып келеді. Осылайша, біз алқызыл аймаққа өтіп, жанкүйерлердің әлем чемпионатын тікелей тамашалауына жағдай жасай аламыз. Коронавирустың алдын алуға арналған шараларға ұлттық денсаулық институты риза. Сол себепті, жақсылықтан үміттіміз», - дейді бас директор. Қазіргі таңда әлем чемпионаты көрермендердің қатысуынсыз өтіп жатыр. Егер рұқсат етілсе, 50 адамның трибунаға кіруіне мүмкіндік болмақ.

Әлем біріншілігі 21 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер