ММА

Top Dog FC 7: Бағдат Дүйсембаев ресейлік файтерге есе жіберді

Top Dog FC 7: Бағдат Дүйсембаев ресейлік файтерге есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Ақпанның 11-нен 12-не қараған түні Мәскеуде өткен Top Dog FC 7 жұдырықтасу турнирінде қазақстандық Бағдат Дюсембаев ресейлік Максим Федоровпен төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта Дюсембаев, ал екіншісінде - ресейлік файтер басым көрінді. Үшінші раундта Бағдат қарсыласын құлатып, тағы бірнеше өтімді шабуыл жасады. Алайда төрешілердің үкімі көңіл көншітпеді - жеңісті ресейлік спортшыға берді.

Дюсембаев, әрине, бұл шешіммен келіспей, қосымша раунд талап етті. Федоров та тағы кем дегенде үш раунд өткізуге дайын екенін айтты. Бірақ рингтегі төреші қазақстандық спортшыға апелляциялық шағым түсіруді ұсынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер