Ауыр атлетика

Азия чемпионы әкімдік берген пәтерді 5 жыл бойы өз атына жаза алмай жүр

Азия чемпионы әкімдік берген пәтерді 5 жыл бойы өз атына жаза алмай жүр
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Айдар Қазов Петропавл қаласының әкімдігі сыйға тартқан пәтерінен айырылды, деп жазады Prosports.kz.

Аzattyq-ruhy.kz сайтының хабарлауынша, спортшы мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Қазов ауыр атлетикадан 2015 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Құрлық біріншілгінде бас жүлде алған спортшыны жерлестері қошаметпен қарсы алады. 2016 жылы сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Азия чемпионына спорттағы толағай табыстары үшін жаңадан салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданындағы «Мечта» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстайды.

Бірақ спортшының қуанышы ұзаққа созылмады. Белгілі болғандай, бұл пәтерді банк кепілге қойған. «Казградострой» құрылыс компаниясының директоры Александр Авдеев пәтерді ипотекадан шыққан бойда Айдардың атына тіркеуге уәде берді. Бірақ пәтер спортшының атына ауыспайды. Ал 2018 жылдың жазында Қазовқа «Қызылжар» тұрғын үй кешенінен тағы бір пәтер ұсынылды. Ол жерде пәтерді дереу өз атыңа аударып береміз деп сендіреді. Спортшыға үйдің кілті берілді. Айбар алған үйіне өзі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, әрі құжаттардың дайын болғанын күтіп жүреді.

Сөйтіп жүргенде құрылыс компаниясының директоры бұл пәтерді басқа адамға сатып жібереді. Сол үйде тұрып жатқан Айдардың қарындасы Әлфия тиісті хабарлама келеді:

«Айдарды спортық карьерада қолдайтын ешкім болмады. Өз еңбегі және қабілетінің, тынымсыз жаттығуларының арқасында жетістікке жетті. Әкем біздің кішкентай кезімізде дүние салған. Анамның бақилық болғанына 6 жыл. Бізді жалғыз өсірді. Үш ағайындымыз. Сіңлім ол кезде Алматы қаласында оқып жүрді. Сондықтан мен ағаммен тұрдым. Ол кезекті іссапарда еді. Үйге учаскелік инспектор мен заңгер келді. Олар мүліктің заңды иесі барын, біз 10 күн көлемінде оны босатуға тиіс екеніміз жайлы айтып, ескерту қағазын ұстатып кетті. Мұндай жаңалықты күтпеген едім. Төбемнен жай түскендей болды. Қыстың көзі қырауда қайда баратынымызды білмей абдырап қалдық. Барлық жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырдық. Бізге мамыр айына дейін тұруға рұқсат берді», - дейді Әлфия Қазова.

Кейін Петропавл қалалық әкімдігі Азия чемпионына Қазақстан Конституциясы көшесіндегі ескі үйлердің бірінен не газ, не электр жарығы жоқ 1 бөлмелі пәтер ұсынады. Оның барлығы коммуналдық қызмет ақысы төленбегендіктен ажыратылған екен.

Белгілі болғандай, бұл пәтер қалалық әкімдікке тиесілі. Онда біраз уақыт әкімдік қызметкері тұрған. Қарыздарын өтемеген. Қарызды ішінара спортшының өзі төлеген. Әкімдік бұл ақшаны қайтаруға уәде беріп, сөзінде тұрмаған.

Пәтер қазір бос. Айдар бұл мүліктен бас тартқысы келеді, өйткені ол үйді өз атына тіркей алмайды. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков Қазовқа жеке өзі қоңырау шалып, күте тұруын сұраған.

«Мәселе туындаған кезде Қала әкімі Жұмабеков өзі хабарласып, күте тұруымды, мәселе оң шешімін табатынын айтып сендірді. Қанша уақыт өтсе де, ештеңе өзгерген жоқ. Қайтсек те еліміздің даңқын арттырып, мерейін үстем етеміз деп еңбек етіп жүрміз. Алайда «ерім» дейтін ел жоқ. Осының барлығынан жүйкем шаршап кетті. Қазір кәсіби спорттан кету жағын ойлап жүрмін», - дейді Айдар Қазов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер