Басқа

Ақтөбеде киокушинкай-кан каратэ орталығына Дәулет Хайрулланың есімі берілді

Ақтөбеде киокушинкай-кан каратэ орталығына Дәулет Хайрулланың есімі берілді
news-banner7
mobile-news-top

«Жауынгер» киокушинкай-кан каратэ орталығына спортшы Дәулет Хайрулланың есімі берілді. Бұл туралы Республикалық Ұлттық Киокушинкай - кан каратэ федерациясының Ақтөбе облыстық филиалы мен спортшының ата-анасы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми шараға Дәулеттің ата-анасы, федерация өкілдері, спортшылар қатысады.

Аталмыш нысанды 2019 жылдың қыркүйек айында Республикалық Ұлттық Киокушинкай - кан каратэ федерациясы АОФ спортшысының ата-анасы жеке қаражатына салған. Сол жылы федерация басшылығының ұжымдық талқылауымен орталыққа "Жауынгер" атауы берілген еді. Мұнда барлық жастағы балалар мен Ақтөбе облысының құрама командасы үшін тек киокушинкай-кан каратэ бойынша жаттығулар өтіп келеді. Орталықта 7 топ бойынша 120 спортшы шұғылданады. Дәулет Хайрулла да сол орталықта жаттығу жасап, шәкірт тәрбиелеген.

Дәулет Хайрулла – киокушинкай-кан каратэден спорт шеберлігіне үміткер. Ақтөбе құрамасының капитаны, көшбасшы. Спортпен шұғылданғанына 8 жыл. Осы уақыт ішінде Қазақстан кубогының үш дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңіпазы, Азия кубогының иегері атанды.

Оқ атып, мәйітін Орталық стадион маңында қалдырып кеткен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер