ММА

Порье – Макгрегор жекпе-жегі қашан өтеді

Порье – Макгрегор жекпе-жегі қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

UFC әлеміндегі танымал инсайдер Ариэль Хельвани өзінің Twitter-дегі парақшасында Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы үшінші жекпе-жектің қазірдің өзінде келіссөздер дамып келе жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Журналистің сөзіне қарағанда, тараптар осы жазда белсенді келіссөздерді бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор кештің басты шайқасында екінші раундта америкалық Дастин Порьеге техникалық нокаутпен есе жіберді.

Олардың 2014 жылғы қыркүйекте UFC 178-де өткен алғашқы жекпе-жегі МакГрегордың пайдасына техникалық нокаутпен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер