Басқа

Құқық қорғау ұйымдары Олимпиаданы Бейжіңде өткізбеуді талап етті

Құқық қорғау ұйымдары Олимпиаданы Бейжіңде өткізбеуді талап етті
news-banner7
mobile-news-top

Әлем бойынша 180 құқық қорғау ұйымдары бас қосып, Халықаралық Олимпиада комитетіне Бейжің ойындарын өткізбеу туралы хат жіберді. Тибет, ұйғыр, моңғол және басқа да көптеген ұлт өкілдері этникалық азшылықтарға қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазды Prosports.kz сайты.

«Егер Қытай Тибет пен соған көршілес аймақтағы азаматтардың құқығына қарсы іс-әрекетін тоқтатпаса Бейжіңде 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізбеуі тиіс», - деп мәлімдеді Жапониядағы Тибет қауымдастығының президенті Калден Обара Reurets берген сұқбатында. Бұл акцияға норвегия ұлты да қосылды.

«Қытай режимі дін таңдауда, өз пікірін білдіруде адам құқығын бұзып жатыр. Бұдан бөлек басқа салада да қысым көрсетілуде. Осыған қарамастан Қытай Олимпиаданы 100% саяси мақсатта қолданады. Олар әлемге Қытайдың даму моделі теңдессіз екенін паш етуге тырысады. Бірақ бұған Норвегия спортшылары қалайша келісе қояды?», - дейді Норвегияның Гудмунд Скьелдал есімді зерттеушісі.

Бір айта кетерлігі, Қытай 2008 жылы Олимпиаданы өткізер алдында да осындай қарсылық болған. Ол кезде Лондонда, Парижде және Сан-Францискода Олимпиада алауы эстафетасы өтпей қалған еді.

«Бұл Олимпиада хартиясының принципіне қарсы келеді. Қытай спортты саясат құралына айналдыруға қарсы», - деп мәлімдеді ҚХР Сырты істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь.

Спорты шенеуніктері бұл мәселеге келгенде Олимпиаданы өткізбеудің салдарын ескеріп, хартияның сақтап, абайлау керегін айтады.

«Спорт жарыстары әлем бойынша өтеді. Оның ішінде, біздің құндылықтардан мүлдем бөлек елдерде де спорт жарыстары ұйымдастырылады. Біз спортшыларға бар ақпарды береміз. Бастысы – спортшылардың жарысқа қатысуы», – дейді Норвегия спортының басшысы Торе Эвребе.

«Бұл Қытайдың емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің ойындары болады. Спорт әрқашанда қарым-қатынас құралы болған, тіпті, бұдан да қиын саяси кезеңдерде де өткен. Керісінше, спорт жарыстары – кез келген кикілжіңді тоқтата алатын құрал», – деді ХОК вице-президенті Паунд ВВС берген сұқбатында.

Айта кетейік, Бейжің қысқы Олимпиадасы 2022 жылы 4-20 ақпан күндері өтеді. Бұған дейін Бейжің 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдаған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер