Қысқы

Биатлоннан ерлер командасының бапкері: Құрама қазір өтпелі кезеңде тұр

Биатлоннан ерлер командасының бапкері: Құрама қазір өтпелі кезеңде тұр
news-banner7
mobile-news-top
Биатлоннан әлем чемпионатына дайындық және алдағы жоспар жайлы ерлер командасының жаттықтырушысы Мухин Александр айтып берді.

– Әлем Кубогі бойынша жеті кезең артта қалды, алайда біздің Құраманың осыған дейін жеткізген жолы ұзақ болды. Осы жолды қалай сипаттап және нақты қандай қиындықтар болды деп айта аласыз?

Ерлер құрамасы қазір өтпелі кезеңде, яғни өте жас команда және қазір жоғары деңгейде күресу өте қиын. ӘК-нің алғашқы екі кезеңі толық формада болмады және нәтижелерде қуантқан жоқ, содан тебудің жаман көрсеткіші қардың болмауынан әсер етті. Бірақ жігіттер батыл болып, кейін, келесі бес кезеңде олар жақсы нәтиже көрсете бастады. Біздің ең жақсы спортшылар әлі де дисквалификацияда болғанына қарамастан, өзін Ұлттық құраманың көшбасшылары ретінде Александр Мухин, оған қатар жас Киреев Владислав көрсетті. Сирик Сергей мен Белецкий Данил қолдады да арттарынан ілігуге тырысты. Осы Құраммен біз Әлем чемпионатына қатысу үшін оқу-жаттығу жиынтықтарына Словенияға атталдық.

– Әлем чемпионатының басталуына өте аз уақыт қалды, дайындық қалай өтіп жатыр?

Әлем чемпионатына дайындық штаттық режимде өтіп жатыр, әлемдегі пандемиямен байланысты ұйымдастырушылардың тебу жолына жібермеуін санамасақ қалған жағдайдың бәрін бізге Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан биатлоншылар Одағы толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұл дәрігер, массажист, қызмет көрсетушілер және өмір сүру жағдайлары. Иә, Әлем чемпионатына аз ғана уақыт қалды, барлық жанкүйерлерімізге түсіністік пен қолдау үшін алғыс айтқым келеді. Өз нәтижелерімізбен қуантып, еліміз Қазақстанды даңқтауға тырысамыз!

Түпнұсқасы: biathlonunion.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер