Magzhan Football
Әлем футболы

Өзгеше Пеп: стиль және отбасы туралы

Өзгеше Пеп: стиль және отбасы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Біріншіден — стиль. Гвардиола сәнді болуының басты себебі — әйелі.

Әйелінің есімі Кристина Серра, олар Гвардиола «Барсаның» жұлдызы болмай тұрып танысты. 18 жастағы Пеп Serra Claret дүкеніне фотосессияға келгенде, Кристина кассада сатушы болып қызмет еткен. Ал сол бутиг — Кристинаның отбасына тиесілі болған.

Кристина Пептің киім талғамына өз үлкен үлесін тигізді. Қазір әйелінің көмегімен бапкер ең стильді ерлердің қатарында. Мысалы, The Telegraph 2017-жылы әлемдегі ең стильді 10 ер адамның ішіне каталондықты қосты (тізімде одан бөлек  Райан Гослинг, Том Харди және Брэдли Купер бар). Men’s Health болса Гвордиоланың командасы «Ман Сити» футболда ең сәнді киінетін ұжым екенін айтты. Ал британдық GQ Пептің стилі туралы толығырақ түсіндірді. Құпиялар: жаттықтырушы өзінің дене бітіміне сәйкес костюмдерді сауатты таңдап, ашық түстерден қорықпайды және ең бастысы — кэжуал стильде қалай киіну керек екенін жақсы түсінеді.

Хосеп және Кристинаның жұбы бір-бірің жақсы толықтырады. Пеп қарапайым отбасынан шықса, Кристина — керісінше, жағдайы жақсы отбасынан шыққан. Ол Гвардиолаға стиль жағынан ғана кеңес бермей, үздік тағамдар мен вино таңдауды, саяхаттауды және жалпы өмірді қалай сүруге болатынын көрсетті.

«Шаршаған кезде маған үйден артық жер жоқ», — дейді Гвардиола.

«Мен өзімді үйде ғана қауіпсіз сезінемін, есікті жабқанда ғана жаным тынышталады. Үй, әйел, балалар — мұнда сен қалағаныңды жасай аласын. Тіпті әзілдеуге де болады, ол үшін сені ешкім кінәламайды».

«Кристинаның арқасында бізде сүйкімді әрі ақылды балалар өсті. Ол керемет ана ғана емес, керемет әйел. Мюнхенге, Манчестерге немесе Нью-Йоркке көшуді Кристина қаламаса, мен көшпес едім. Мен отбасымсыз еш жерде жұмыс істей алмаймын».

Футбол туралы қазақ тіліндегі жаңа медиа жоба - oiyn emes. Жуырда көп қызық материалдар күтіп тұр! Біздің инстаграм парақшамызға жазылыңыздар!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер