Жуков Польша чемпионатында нәтижелі пас берді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Георгий Жуков өнер көрсететін краковтік «Висла» Польша чемпионатының 16-турында «Ягеллониядан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:0 есебімен аяқталды. 50-минутта Мацей Садлок есеп ашса, 88-минутта Фелисио Браун матч нүктесін қойды. Георгий Жуков бұл ойында негізгі құрамда шығып, екінші гол соғылатын кезде нәтижелі пас берді.
Осылайша, 17 ұпай жинаған «Висла» чемпионатта 12-орында келеді.