Әлем футболы

Роналду 30 жасынан бері қанша гол соқты

Роналду 30 жасынан бері қанша гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «А» Сериясының 21-турында «Ромаға» қақпасына (2:0) гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның соққан голын сөз етуіміздің себебі, Криштиану 30 жасынан бері 300 гол авторы атанып отыр. Жалпы, Bleacher Report таратқан ақпаратқа сүйенсек, Роналду бұл нәтижеге 326 матчта қол жеткізген.

Сонымен бірге, Роналду 30 жасқа толғанға дейін 718 ойында 463 гол соқты.

Еске сала кетелік, 5 ақпанда португалиялық 36 жасқа толды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер