Әлем футболы

Испания министрі Мессидің келісімшартына таңданысын жасырмады

news-banner7
mobile-news-top

Испанияның мәдениет және спорт министрі Хосе Мануэль Урибес «Барселонаның» капитаны Лионель Мессимен келісімшартынан қайран-қалғанын жасырмады.

Бұған дейін Испания басылымдары аргентиналық футболшының 2017 жылы жасаған келісімшарты бойынша 555 миллион еуро табыс табатыны жайлы жарыса жазған еді.

– Мессидің келісімшартындағы көрсетілген сома – шын мәнінде, адамды таңғалдырады. Футболдағы жалақының өсуі дәл қазіргі дағдарыс жағдайында қатты білінді.

Бұл біздің қоғамның көрінісі. Біз білімді дамытып, футболдағыдай ақша төленгенін қалаймыз, - дейді Урибес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер