Басқа

Оқ атып, мәйітін Орталық стадион маңында қалдырып кеткен

Оқ атып, мәйітін Орталық стадион маңында қалдырып кеткен
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде қайғылы оқиға болды. Жанжал кезінде киокушинкай каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы Дәулет Хайроллаға оқ тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ratel.kz хабарына қарағанда, кейбір мәліметтер бойынша, өлім жанжалға байланысты болған. Дәулет Хайролла досына қолдау үшін қаланың ескі бөлігіндегі төбелеске барған. Жанжал кезінде досы таныстарының бірін соққыға жыққан-мыс. Таяқ жеген жігіт достарына қоңырау шалып, солармен бірге келіп, Дәулеттің досын әңгімеге шақырған. Сол кезде Дәулет досына оқ атқан. Бірақ оқ кездейсоқ Дәулетке тиген. Кейін қорыққан шабуылдаушылар жараланған спортшыны көлікке тиеп, не істерін білмей, қаланы айналып жүре берген. Нәтижесінде олар оны Ақтөбедегі Орталық стадионның маңында көлікте өлі күйінде қалдырып кеткен.

Дәулет Хайролла. Фото: instagram

Дәулет Хайролла. Фото: instagram

«2021 жылғы 4 ақпанда сағат 01.51-де Ақтөбе қаласындағы Әбілхайыр хан мекен-жайындағы «Стадион» аялдамасының маңында тұрған ВАЗ 2107 маркалы, 756 PVA 04 нөмірлі автокөлікте 2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген ХАЙРОЛЛА Дәулет Төлеубайұлының мәйіті табылды», - деген жазба жергілікті әлеуметтік желілерде тарады. Сондай-ақ, үш күдіктінің - 18 және 19 жастағы жігіттердің фотосуреттері жарияланған.

Спортшының өлімі туралы ratel.kz басылымына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді. Дәулет Хайролла 2018 жылы киокушинкай каратэден Азия чемпионы болған, қоңыр белбеуі болды. Сондай-ақ, жастар арасында Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының үш дүркін иегері.

- Келесі аптада Дәулет Хайролла ҚР кубогына баруы керек еді. Ол біздің осы чемпионатқа өтінімімізде болған. Бұл біз үшін үлкен қайғы, - деп портал аймақтық спорт басшысы Евгений Гончаровтың сөздерін келтіреді.

БАҚ мәліметінше, полиция күдіктілердің бірін ұстаған, ол қылмысын мойындаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер