ММА

Қайрат Ахметов - Деметриус Джонсон жекпе-жегі өте ме?

Қайрат Ахметов - Деметриус Джонсон жекпе-жегі өте ме?
news-banner7
mobile-news-top

Көптеген қазақстандық файтерлердің менеджері болып жүрген Саят Әбдірахманов Қайрат Ахметовтің ONE промоушнындағы болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әбдірахманов Youtube каналына берген сұхбатында Шавкат Рахмонов пен Дамир Исмагуловтың UFC сегізбұрышына оралуын күтетінін, Қазақстандағы ММА туралы, сондай-ақ Қайрат Ахметовтің мансабы туралы айтты.

33 жастағы Ахметов өткен жылдың желтоқсанында ONE турнирінде өнер көрсетіп, сегізбұрышқа сәтті оралды. Сингапурдегі шарада «Қазақ» лақап атымен танымал жерлесіміз Хван Ки Дэмді шешімімен тамаша жеңе білді

«Қайрат соңғы жекпе-жекте мені таң қалдырды. Мансабындағы үлкен үзіліске қарамастан, Қайрат барлық жағынан үздік көрініп, алға ұмтылды. Көптеген қиындықтарға қарамастан, ол сынған жоқ. Қайрат өзін жақсы жағынан көрсетті, соның нәтижесінде тамаша жекпе-жек өтті. Қазір Қайрат - ONE промоушнында чемпиондық атаққа үміткерлердің бірі.

Ия, көпшілік Қайратқа UFC-де жұдырықтасу керек дейді. Ол жерде ол белгілі бір жағдайларда үздік бестікке еніп, белбеуге жете алатынына сенімдімін. Қазір біз ONE компаниясымен келісімшарттық қатынас орнаттық. Үш салмақтағы ең үздік файтер - ONE белбеуінің иегері Деметриус Джонсонмен жекпе-жек Қайраттың мансабы үшін UFC-ден де маңызды. Қайрат Джонсон-Мораес жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін деген алдын ала келісім бар. Бірақ бұл үшін көп іс тындыру керек. Біздің мақсат - Қайраттың «Тышқанға» қарсы айқасын ұйымдастыру. Бұл - Қазақстанның ММА тарихындағы ең ірі жекпе-жегі болуға тиіс.

Қайраттың Джонсонды жеңетін әлеуеті мол екеніне сенімдімін», - деп сөзін аяқтады Әбдірахманов.

Деметриус Джонсон мен Адриано Мораес арасындағы титулдық жекпе-жек 7 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер