Әлем футболы

Манчини қызметінен кетпек. Италия құрамасын кім тізгіндейді?

Манчини қызметінен кетпек. Италия құрамасын кім тізгіндейді?
news-banner7
mobile-news-top

Италия футбол федерациясы Роберто Манчини қызметінен кеткеннен кейін ұлттық құраманың бас бапкеріне бірнеше үміткерді таңдап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл ақпаратты Sport Mediaset таратты.

Еске сала кетейік, 56 жастағы маман осы аптада 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін командадан кетіп, клуб жұмысына назар аударатынын мәлімдеді.

Бас жаттықтырушы лауазымына негізгі үміткер - Фабио Каннаваро. Федерация президенті Габриеле Гравина Марчелло Липпиді ұлттық құраманың техникалық директоры қызметіне шақырғысы келеді.

Дереккөздің айтуынша, тағы бір үміткер ретінде «Интерді» жаттықтырып жүрген Антонио Контенің есімі аталады. Ол 2014 жылдан 2016 жылға дейін Италия құрамасын жаттықтырған.

Команда оның жетекшілігімен ЕURO 2016 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Германиядан пенальти сериясында жеңіліп қалды (1:1, 5:6).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер