Әлем футболы

Месси Оңтүстік Америкада онжылдықтың үздік футболшысы атанды

Месси Оңтүстік Америкада онжылдықтың үздік футболшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) нұсқасы бойынша Оңтүстік Америкадағы онжылдықтың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық футболшы екінші және үшінші орындағы ПСЖ мен Бразилия командасының шабуылшысы Неймар мен «Барсаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвештен қара үзіп кетті.

Месси – «Барсаның» түлегі, ол бүкіл мансабында тек каталониялық клубта ойнаған.

Ол «Блауграна» сапында 34 трофей жеңіп алды. Ол сондай-ақ алты дүркін «Алтын доп» пен «Алтын бутс» иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер