Басқа

World Taekwondo таеквондодан жарыстар уақытында өтетінін хабарлады

news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (World Taekwondo) кезектен тыс Кеңес отырысын бейнеконференция арқылы өткізді. Кездесу барысында 2021 жылы таеквондо жарыстарына қауіпсіз оралуға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, әңгіме екі ірі спорттық іс-шара туралы - Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар мен Таеквондодан әлем чемпионаты туралы болып отыр.

Дүниежүзілік федерация қалған екі Токио 2020 Олимпиадасына континенттік іріктеу турнирлерін, Азияда және Еуропада, 2021 жылдың мамыр айына дейін өткізуді көздейді. Отырыс барысында келесі іс-шаралардың өтетін күндері жария етілді: Қытайдың Уси қаласында Әлем чемпионаты 12-18 қазан аралығында, ал Паратаеквондодан әлем чемпионаты 21-22 қазан аралығында өтеді. WT Кеңесінің отырысы 10 қазанда, Бас ассамблея және Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 11 қазанда өтеді.

«Жарыстың қайта басталуы – Дүниежүзілік таеквондо федерациясы үшін бірінші кезектегі міндет. Бұл спортшылар, жанкүйерлер үшін және біздің спортты одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Алайда, спорттық іс-шаралар кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсыныстары ескерілетініне және санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормалары сақталатынына сенімді болуымыз керек. Биылғы жылы бізде көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр, ең ауқымдыларынан, Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындары мен Әлем чемпионатынан бастап, бірқатар қызықты және инновациялық жаңа жарыстарға дейін», - деді Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті д-р Чунгвон Чо.

2021 жылы барлығы 72 таеквондо шаралары жоспарланған, оның ішінде 15 Дүниежүзілік федерацияның іс-шаралары (оның бесеуі онлайн режимінде), көп спорттық сайыстар құрамындағы 10 таеквондо жарыстары, 9 континенттік одақ және 38 WT мойындаған халықаралық іс-шаралар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер