Әлем футболы

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы 34 жасында мансабын аяқтады

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы 34 жасында мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Голландия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ибрагим Афеллай мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы 34 жастағы ойыншы өзі мәлімдеді.

Бір жыл бойы доп теппеген Афеллай жасыл алаңмен қоштасуды шешті. Оның соңғы командасы өз елінің ПСВ клубы болды. Соңғы рет ол алаңға 2020 жылы 26 қаңтарда шықты.

Афеллай мансабында Барселона», «Шальке», «Олимпиакос», «Сток Сити» секілді клубтарда өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Голландия құрамасы сапында 53 матч өткізіп, 7 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер