Басқа

Гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионы анықталды

Гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Египет астанасы Каирде гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды.

Әлем біріншілігінің ақтық сынында Швеция мен Дания құрамалары кездесіп, даттар 26:24 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлде үшін өткен матчта Испания Франция құрамасын 35:29 есебімен ұтқан.

Каирдегі әлемдік дода пандемияға байланысты жанкүйерлердің қатысуынсыз өтті. Әр екі жыл сайын өткізілетін әлемдік сында Дания командасы қатарынан екінші рет жеңіске жетіп отыр.

Гандболдан келесі әлем чемпионаты 2023 жылы Польша мен Швецияла ұйымдастырылады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер