Басқа

Көркем гимнастикадан Гран-при турниріне Қазақстан командасы қатыспайды

Көркем гимнастикадан Гран-при турниріне Қазақстан командасы қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

19-21 ақпан күні Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при сериясы өтеді.

Аталған сын Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында ұйымдастырылады.

1994 жылдан бері өткізілетін додаға биыл әлемнің 30 мемлекетінен спортшылар қатысады деп күтілуде. Өкінішке қарай, қазақстандық гимнастар аталған сынға қатыса алмайды. Бұған жоспарлы күні Мәскеуге тікелей әуе рейстерінің жоқтығы себеп болып отыр.

Айта кетелік, ғаламдық пандемия кезінде көркем гимнастика бәсекелері тек қана онлайн форматта өткен болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер