ММА

«Күреспеймін және оң қолыммен ұрмаймын». Хамитов Рафиковтың жекпе-жекке шақыруын қабыл алды

«Күреспеймін және оң қолыммен ұрмаймын». Хамитов Рафиковтың жекпе-жекке шақыруын қабыл алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Фаниль Рафиковпен жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, қазақстандық тағы бір файтер Фаниль Рафиков NFC чемпиондық белбеуін жеңіп алғаннан кейін өзінің жерлесі Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырды.

Бұған Хамитов өзінің Instagram-парақшасының Stories бөлімінде жауап берді.

«Бұл жігіттің мені төбелесуге шақырғанын естігенде, оның жекпе-жегін көріп, сол нокауттан кейін оның қалайша тірі қалғанына таң қалдым. Ұйымдастырғысы келетіндерге айтарым, бұл менің мансабымдағы ең оңай жекпе-жек болмақ. Жеңілдік жасайын, онымен күреспей-ақ қояйын және оң қолыммен ұрмаймын. Бұл жекпе-жек мен үшін түкке тұрмайды. Бірақ егер олар мені қызықтыра алса, онда неге төбелеспеске?!», - деп жауап берді Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер