Ұлттық құраманың бапкері Израиль - Қазақстан матчының қашан өтетінін айтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуропа Чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Израильге ойынның қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Өкінішке орай, біздің ЕВРО-2020 іріктеу кезеңіндегі Израильге қарсы ойынымыз COVID-19 салдарынан кейінге қалдырылды. Матчты сәуір айында өткізетін шығармыз», - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Израиль - Қазақстан кездесуі 28 қаңтарға жоспарланған болатын. Бірақ Израиль билігі елде коронавирустың өршуіне байланысты «Бен-Гурион» халықаралық әуежайын бір аптаға жабу туралы шешім шығарды. Сол үшін бұл ойын кейінге қалдырылды.