Футзал

Ұлттық құраманың бапкері Израиль - Қазақстан матчының қашан өтетінін айтты

Ұлттық құраманың бапкері Израиль - Қазақстан матчының қашан өтетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуропа Чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Израильге ойынның қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке орай, біздің ЕВРО-2020 іріктеу кезеңіндегі Израильге қарсы ойынымыз COVID-19 салдарынан кейінге қалдырылды. Матчты сәуір айында өткізетін шығармыз», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Израиль - Қазақстан кездесуі 28 қаңтарға жоспарланған болатын. Бірақ Израиль билігі елде коронавирустың өршуіне байланысты «Бен-Гурион» халықаралық әуежайын бір аптаға жабу туралы шешім шығарды. Сол үшін бұл ойын кейінге қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер